«Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы № 78 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру қызметі туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) тарату комиссиялары ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың мына нысандары бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланстан тыс шоттары бойынша есептің нысаны;