«Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-91 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 125-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық оңалту:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде (медициналық оңалтудың бірінші кезеңі), сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға;
2) 10-қайта қараудың денсаулыққа байланысты аурулар және проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің кодтары бойынша аурулардың тізбесі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) (медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңдері);
3) ақылы негізінде азаматтардың өз қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру қаражаты, жұмыс берушілердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен көрсетіледі.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Осы қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: