«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 376 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кәсіптік оқыту - кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру нысанында жүзеге асырылатын, кәсіптік тұрғыдан даму мақсатында кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды иелену, жаңарту немесе кеңейту, сондай-ақ жаңа кәсіпке (мамандыққа) ие болу процесі;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мансап орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдерді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жұмыс берушілерді іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.