«Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 226 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 226 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларында:

4-тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылған тәуекел бейіндері, не жөнелтуші кеден органы инспекциялық жете тексеру кешенін (бұдан әрі - ИЖТК) қолданумен жүргізген кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша басып шығарылған рентген суретінің оң жақ бетіне «ИЖТК бақылауы, күдікті» деген мөртаңба қойылуы және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді қажет ететін мәліметтердің енгізілуі кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу үшін негіздеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу туралы шешім кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғаның (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды тұлға) қызметтік жазбасы негізінде кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшенің не мемлекеттік кірістер органының басшысымен (олар болмаған жағдайда алмастыратын тұлғамен) қабылданады.»;

екінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.