(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ»...

2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 шешімі

(2019.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019.28.03. № С-30/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.19.06. № С-34/13 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 34 544 561,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 21 940 282,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 128 508,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 623 979,2 мың теңге;

трансферттер түсімі - 11 851 792,4 мың теңге;

2) шығындар - 35 686 319,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -137 423,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 023,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 293 060,8 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 297 395,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 297 395,0 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:

1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;

2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.

3. Қала бюджетінің шығындарында 7 560 483,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қаралғандығы ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.