«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 Қаулысына 19-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

19-қосымша

 

 

«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хат (бұдан әрі - хат) және қағаз жеткізгіштегі инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіту туралы белгісімен) не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.