«Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 262 бұйрығы

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 262 бұйрығы

 

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Қосымшаның 9-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді (СЭҚ ТН коды 27101241 - 2710125900) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды;

2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.