«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 536 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде цифрлық қызметтер көрсету;»;
107), 108) және 109) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«107) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың цифрлық жүйесіне одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін әзірлеу;
108) денсаулық сақтау саласындағы цифрлық ресурстарды, цифрлық жүйелер мен телекоммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
109) ведомстволық медициналық цифрлық жүйелердің техникалық параметрлерін келісуді, сондай-ақ ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;»;
221) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: