«Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 79 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«19. Қызмет ішкі сараптама үшін комиссия құра отырып, көрсетілген медициналық көмек мәселелері бойынша пациенттердің өтініштерін қарайды. Бұл ретте өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, шағым жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Комиссияға мынадай құжаттардың көшірмелері (қолма-қол қағаз нұсқада және (немесе) электрондық нұсқада) ұсынылады:
1) пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің өтініші;
2) осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің Кодекстің 58-бабының 2) тармақшасына және 60-бабының 3-тармағына сәйкес дербес медициналық деректерді жинауға және өңдеуге және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;
3) пациенттің ауру тарихы;