«Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 272 бұйрығы

 «Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 272 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17015 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.