«Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 674 бұйрығы

 «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 674 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13905 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары:

мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

«5-1. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) сақтау және беру қоймаларының орны кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халықтың жұмыс жасайтын жəне тұратын жерлеріне барынша жақын жерлерде орналасады.

5-2. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газтұмшалар, балаларға арналған қорғаныш камералары, респираторлар) әкімшілік ғимараттарда және оқу мекемелерінде ғимарат иесімен келісу бойынша сақтауға рұқсат етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:

«26-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі бойынша жеке қорғану құралдары (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) халыққа олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда тұрғылықты жері бойынша сақтауға беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.