Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығы
(2022.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2021.05.03. № 135 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 649 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12054 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашада «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті: