ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.01. № 53 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 650 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 684 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған).