Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының м.а. 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығы
(2020.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2019.02.08. № 820 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;