«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбесі;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Білім алушы немесе оның заңды өкілі (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген негіздемелерге байланысты тиісті құжатты;
3) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.