«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 39 Қаулысы (күші жойылды)

«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 39 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 80 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес ломбардтардың микрокредиттері, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттері туралы есептің нысаны;

10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша, оның ішінде өңірлік және салалық бөліністегі өзгерістер туралы есептің нысаны;»;

11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымының микрокредиттері, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттері туралы есептің нысаны;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.