(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІСІ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ (НЕ...

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің 239-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу жөніндегі және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау қағидаларына сәйкес медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың «пайда-тәуекел» арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.