Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 216 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 131-бабының 2-тармағына және 179-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрық ресми тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;