(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

Кәсіби өртке қарсы қызметтің қызмет көрсетілетін ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге жұмсалған шығындарын өтеу орындалған жұмыстар актісі бойынша жүзеге асырылады.

3. Кәсіби өртке қарсы қызмет өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.

4. Кәсіби өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегіз жасқа толған және арнайы даярлық пен оқыту курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдана алмайды.

5. Кәсіби өртке қарсы қызмет өрт техникасымен, жабдықтармен, өртке қарсы жарақтармен, өрт сөндірушінің арнаулы қорғаныш киімімен жарақтандырылуға және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Кәсіби өртке қарсы қызметті материалдық-техникалық жарақтандыру кезінде қызмет көрсетілетін ұйымдар мен объектілер қызметінің ерекшелігі ескеріледі.

6. Кәсіби өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып қызметті жүзеге асырған, оның ішінде кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіби өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

7. Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарының сақталмауы;

2) уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру кезеңінде кәсіби өртке қарсы қызмет ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу мен сөндіруден, өрт қауіп сіздігін қамтамасыз етуден және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуден босатылмайды.

8. Кәсіби өртке қарсы қызмет анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындамаған жағдайда, ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

9. Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат мына жағдайларда қолданысын тоқтатады:

1) уәкілетті органның ведомствосына аттестаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;

2) заңды тұлғаның таратылуы;

3) аттестаттан айыру.

 

68-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар

1. Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін.

2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:

1) дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру;

2) дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету;

4) халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту жатады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.

Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасына сәйкес он сегіз жасқа толған және ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ерікті өрт сөндірушілер бола алмайды.

Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі, оларды жүргізуді уәкілетті органның аумақтық органы жүзеге асырады.

Ерікті өрт сөндірушілерді кейіннен даярлау өрт сөндіру пункттерінде жүзеге асырылады.

Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және оны уәкілетті органның аумақтық органының басшысы бекітеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Өртке уақтылы ден қою үшін уәкілетті органның аумақтық органымен келісу бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді өрт сөндіру пункттерінде жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Ерікті өрт сөндіруші жұмыс уақытында жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, оны дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға тартылған кезеңіне еңбек міндеттерін орындаудан босатылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Ерікті өрт сөндіруші өрттердің алдын алу және сөндіру және дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның отбасы мүшелеріне соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді.

6. Ерікті өрт сөндірушіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы салдарынан мүгедектік белгіленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

7. Ерікті өрт сөндіруші қызметтік міндеттерін атқару кезінде еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылып ауыр мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектік белгіленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. Егер ерікті өрт сөндіруші еңбек қатынастарында болмаған жағдайда, 5, 6 және 7-тармақтарда көзделген төлемдер тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы ескеріле отырып жүргізіледі.

8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген біржолғы жәрдемақылар бюджет қаражаты есебінен төленеді.

9. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

14-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және орындау;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға жол беру;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы Заңда айқындалған қауіпті өндiрiстiк объектiнiң өнеркәсіптік қауiпсiздiгiн декларациялау;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы;

7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау;

8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингі;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi.

 

70-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері

Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері:

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мынадай қауіпті заттардың ең болмағанда біреуін:

иондаушы сәулелену көзін;

тұтанғыш затты - қалыпты қысымда және ауамен араласқан кезде тұтанғыш болатын және қалыпты қысым кезінде қайнау температурасы 20 немесе одан төмен Цельсий градусы болатын газды;

жарылғыш затты - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп және газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгеріске ұшырай алатын затты;

жанғыш затты - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен жана алатын және оны алып тастағаннан кейін де өздігінен жанатын сұйықтықты, газды;

тотықтандырғыш затты - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын затты;

уытты затты - тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың өліміне әкеп соқтыра алатын және мынадай сипаттамалары бар:

асқазанға енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы - бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейінгі;

теріге жаққан кезде өлтіретін орташа дозасы - бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейінгі;

ауадағы өлтіретін орташа концентрациясы - бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейінгі затты;

жоғары уытты затты - тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың өліміне әкеп соқтыра алатын және мынадай сипаттамалары бар:

асқазанға енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы - бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;

теріге жаққан кезде өлтіретін орташа дозасы - бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;

ауадағы өлтіретін орташа концентрациясы - бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын затты;

қоршаған ортаға қауіп төндіретін, оның ішінде судағы ортада мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын:

балыққа тоқсан алты сағат бойы ингаляциялық әсер еткен кезде өлтіретін орташа дозасы - бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын;

дафнияға қырық сегіз сағат бойы әсер еткен кезде белгілі әсер тудыратын удың орташа концентрациясы - бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын;

балдырларға жетпіс екі сағат бойы әсер еткен кезде баяулататын орташа концентрациясы - бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын затты өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, түзу, сақтау, тасымалдау, (құбыржолдық) жою;

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларын өндіру;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) кең таралған пайдалы қазбаларды геологиялық барлауды және оларды бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын қоспағанда, тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды, жерасты жағдайларында жұмыстарды жүргізу болып табылады.

 

71-бап. Қауіпті өндірістік объектілер

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қауіпті өндірістік объектілерге осы Заңның 70-бабында белгіленген белгілері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына сәйкес солай деп сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері жатады.

2. Қауіпті өндірістік объектілерге мынадай қауіпті техникалық құрылғылар да:

1) жылу желілерін қоспағанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар;

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар жатады.

 

72-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау

1. Заңды тұлғалар:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;

3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

4) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі - аттестат) беру немесе аттестатты беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

5. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі себебіне байланысты аттестат беруден бас тартылуы мүмкін.

Заңды тұлға көрсетілген себепті жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым (бұдан әрі - аттестатталған ұйым) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзып, оның ішінде осы баптың 2-тармағында көзделген құжатта анық емес ақпарат бере отырып қызметін жүзеге асырған жағдайда, аталған ұйым Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда, аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Аттестаттың қолданылуы:

1) аттестатталған ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініммен өтініш ұсынған;

2) оның қолданылу мерзімі өткен;

3) заңды тұлға таратылған;

4) аттестаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.

 

73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:

1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;

2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жататын жобалау құжаттары жатады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын өтініш беруші ұйымға тәуелді емес аттестатталған ұйымдар өтініш беруші ұйымның қаражаты есебiнен жүргiзедi.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізудің нәтижесі сараптама қорытындысы болып табылады.

 

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 74-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, кауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты беру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.

3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.

4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.

Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.