«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 179/2 қаулысымен бекітілді (2023.09.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 144/2 Қаулысымен күші жойылды

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2023.20.10. № 257/3 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2023 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

Павлодар облысы әкімдігінің

2022 жылғы 24 маусымдағы

№ 179/2 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

(2023.09.11. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Негізгі ережелер

 

1. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) өз құзыреті шегінде Павлодар облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыруға Павлодар облысының әкімдігі уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ведомстволары жоқ.

3. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.