13) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген талаптарды көрсету;
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңінің немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл болып белгіленеді.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционды қоспағанда, аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмеуге тиіс.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау үшін берілген мерзім аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде өткізіледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу туралы хабархатта осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11), 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, аукционға қатысуға мүдделі тұлғаның аукционға қатысуға арналған өтінішінде осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемені айқындауы туралы талабы да қамтылуға тиіс.
3. Бұрын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға берілген болса:
осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу шарты;
осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу шарты;
сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару процесінде сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу шарты;
2) осы Кодекстің 119-бабының 19-тармағында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге және бағалауға кеткен шығындарын өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарты;
3) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының қамтамасыз ету мөлшері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған аукцион өткізілген жағдайда, жұмыстар бағдарламасында:
1) жер қойнауы учаскесі аумағының кемінде отыз пайызын алатын алаңда екі өлшемді сейсмикалық жұмыстар жүргізуді қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңіндегі геологиялық түсіру жұмыстарының жəне (немесе) геофизикалық жұмыстардың ең аз көлемі;
2) кемінде бір барлау ұңғымасын бұрғылау жөніндегі жұмыстарды қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңінен кейінгі тікелей келесі барлау кезеңіндегі барлау жұмыстарының ең аз көлемі көзделуге тиіс.
Аукцион өткізілетін күні аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыны бақылайтын тұлға болып табылатын тұлға аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционға қатысуға жіберілмейді.
4. Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды.
95-баптың 5-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды.
95-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және қайтарылуға жатпайды.
Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:
1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы;
2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ:
1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады;
2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады.
96-бап. Аукционға қатысуға арналған өтініш
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінішті көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалану арқылы жібереді.
2. Аукционға қатысуға арналған өтініште:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақшаның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды;
3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аукцион өткізу туралы хабарламада белгіленген жер қойнауы учаскесінің аумағына нұсқау;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
1) өтініш иесінің хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтініш иесінің аукционға қатысу үшін жарна төлегендігі туралы құжаттар қоса беріледі;
3) өтініш иесінің осы Кодекстің 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісінше куәландырылған құжаттар қоса беріледі.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар көрсетіле отырып, өтініш берушіні бақылау құрылымының схемалық сипаттамасы;
5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес өтініш иесі айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемелер қоса беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
Осы бапта көзделген құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің 99-бабының 5-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіппен ұсынылады.
97-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау тәртібі
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады не анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Егер өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушінің осы баптың 3-тармағының 2), 4) 6), 9) жəне 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмейтіні белгіленсе, құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның осы Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді.
Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоюға құқылы.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.
Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда, егер:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;
3) 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;
5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;
6) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда;
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
10) өтініш беруші осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сəйкес келмесе, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағының 4), 6) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберуден бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аукционға қатысуға жіберуден бас тарту, осы баптың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
98-бап. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйекке дейін 277-баптың 4-тармағының редакцияда қолданылды
99-бап 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99-бап. Аукцион өткізу
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер аукцион өткізуге арналған өтінішті берген тұлға аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға болса, онда аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционның күші жойылады және мұндай тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген жағдайда, осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен мұндай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аукционға қатысуға жіберілген және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады.
3. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі.
4. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және ол көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісі пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы деп құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы:
1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілерді тіркеуді;
2) осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді электрондық нысанда алу мақсатында, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;
3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде тіркеу үшін өтініш берушілерден құжаттар қабылдауды;
4) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі жұмыс бойынша консультация берілуін жүргізуді;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар үшін қол жеткізудің тең жағдайларын;