139-баптың 4-тармағындағы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады
4. Сынамалап пайдалану жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.
Кен орнын әзірлеу жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.
5. Егер техникалық жобалау құжаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің құрылысы көзделсе, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамаға жатады.
6. Егер осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген сараптаманы жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасын сақтаудан ауытқусыз жоя алмайтын келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сол жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімді әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушы және жобалау институты өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.
140-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы
1. Базалық жобалау құжаттарына және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Базалық жобалау құжаттарының және әзірлеу талдауларының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия (орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді.
3. Орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.
4. Барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтыруларға) мемлекеттік сараптама, оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап - екі ай ішінде, ал сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), игеру талдауларына үш ай ішінде жүргізіледі.
Сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
5. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері орталық комиссияның отырысында тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен базалық жобалау құжатын немесе игеру талдауын қарау арқылы айқындалады.
8. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жобалау құжаттарына немесе әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
10. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:
1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;
2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға мазмұны, құрылымы және ресімделуі жағынан сәйкес келмеуі;
3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;
4) кен орнын әзірлеу жобасында ұсынылған барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;
5) жобалау құжатында немесе игеруді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы;
140-баптың 10-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады
6) сынамалап пайдалану жобасы үшін - геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы;
7) кен орнын игеру жобасы үшін - геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы негіз болып табылады.
11. Жобалау құжатының немесе әзірлеу талдаулардың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және базалық құжатты немесе әзірлеу талдауын пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі.
141-бапта 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен, «орталық комиссия» деген сөздер «мемлекеттік комиссия» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады
141-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы
1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы жер қойнауын ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау, көмірсутектердің геологиялық қорларын мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анықтығын бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейтін және жер қойнауын пайдаланушы бекітетін, геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есептің талдауын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
141-баптың 3, 4 және 5 тармақтары 2030 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 6-тармағының редакциясында қолданылды
3. Геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жасалады.
4. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутек қорлары жөніндегі орталық комиссиясы (қорлар жөніндегі орталық комиссия) геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімдері бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
5. Қорлар жөніндегі орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.
6. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы геологиялық қорларды есептеу (жедел есептеу) жөніндегі есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жүргізіледі.
Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізу мерзімі қорлар жөніндегі орталық комиссияның шешімі бойынша, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
7. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін.
8. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:
1) көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларына жүргізілген есептеудің (жедел есептеудің) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көмірсутектердің геологиялық қорларының саны және сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;
3) ұсынылған деректер негізінде көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы негіз болып табылады.
Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығарудың негіздемесі және есепті пысықтау бойынша ұсынымдар беріледі.
9. Сараптамалық қорытынды қорлар жөніндегі орталық комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
10. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларын мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды талап етпейтін жобалау көрсеткіштерін түзету жобалау ұйымының авторлық қадағалау жүргізуі шеңберінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жобалау көрсеткіштерін түзету талап етілетін жағдайлар белгіленеді.
Жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау жөніндегі есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатпайды және оны жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен электрондық түрде жібереді.
2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын әзірлеу жобасын орындауын мониторингтеу:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) авторлық қадағалау;
2) кемінде үш жылда бір рет орындалатын көмірсутектер кен орнының әзірленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Авторлық қадағалау және көмірсутектер кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Авторлық қадағалау кезінде кен орнын игеруді бақылау арқылы алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалаудың нәтижелері есеп түрінде баяндалады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Авторлық қадағалау жөніндегі есепте:
1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкес келуі;
2) нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың және (немесе) жобалық шешімдердің орындалмау себептері;
3) барлау жұмыстарының жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және барлау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
4) сынамалап пайдалану жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және сынамалап пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
5) кен орнын игеру жобасы бойынша - жобалау шешімдеріне қол жеткізу және игеру жүйесін меңгеруде анықталған кемшіліктерді жою бойынша және (немесе) жекелеген жобалық шешімдерді және кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігін айқындау үшін әзірлеуге кезектен тыс талдау жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Авторлық қадағалау жүргізу кезінде жер пайдаланушы бұрын тартқан жобалау ұйымын өзгеге алмастыру қажет болған жағдайда, мұндай алмастыруға жобалау құжаты авторының келісуімен жол беріледі.
6. Кен орнын әзірлеуді талдау пайдалану объектісін әзірлеу процесінде ұңғымалар мен қабаттарға жүргізілген геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ өнімді қабаттарда өтетін көмірсутектер қорларының ағымдағы орналасуы әзірлеу көрсеткіштерінің серпінін және процестерді кен орнын игерудің жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау нысанына кешенді түрде зерттеуді білдіреді.
7. Көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және оны жер қойнауын пайдаланушы хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
8. Кен орнын әзірлеудің нақты және жобалау көрсеткіштері арасында елеулі (он пайыздан астам) айырмашылықтар болған жағдайда, кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы көмірсутектер кен орнын әзірлеу нәтижелері бойынша талдау нәтижелерінің негізделген тұжырымы болған кезде жобалау құжаттарын талдау нәтижелері мемлекеттік сараптамаға жатады.
9. Орталық комиссия көмірсутектер кен орындарын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда осындай талдаудың жобалық шешімдері мен көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеудің, бекіту мен оларды мемлекеттік сараптамадан өткізудің үш жылдан аспайтын кезеңіне кен орнын әзірлеу жобасының жобалау шешімдері мен көрсеткіштері ретінде бағаланады.
143-бап 2030 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады
143-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын, көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының көрсеткіштері
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушыға міндеттеме ретінде жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштерінің орындалуы белгіленеді:
1) пайдалану ұңғымалары торшасының тығыздығы;
2) әрбір пайдалану обьектісі бойынша өндіру және қысыммен айдау ұңғымаларының арақатынасы;
3) кенжатындар бойынша орнын толтыру коэффициенті;
4) қабаттық және кенжар қысымының қанық қысымға немесе конденсация қысымына қатынасы;
5) қабат қысымның кенжар қысымына қатынасы;
6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша жол берілетін шекті шамасы.
Бұл ретте осы бапта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.
20-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жекелеген мәселелері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
144-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта өңдеуге және тұтынушыға беруге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабаттарға айдау жолымен кәдеге жаратуға жататын, осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алуды жүзеге асырады.
2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің өзі айқындайтын тәртібіне сәйкес, ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсаттарында шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады.
3. Шикі мұнай мен газ конденсатының айналымы деп оларды дайындау, тасу, сақтау, тиеп-жөнелту, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету түсініледі.
Шикі газдың, оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы деп оларды жинау, дайындау, тасу, қайта өңдеу, сондай-ақ Кодексте және жобалау құжатында белгіленген жағдайлар мен шарттарда - қабатқа айдау және алау етіп жағу арқылы кәдеге жарату түсініледі.
4. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспабы деп шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) көлемдік және сапалық сипаттамаларын айқындайтын және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат берілген техникалық құрылғы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына ақпарат беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым танылады.
5. Шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өздерінің өндірістік объектілерін есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі операцияларды жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алу аспаптарымен жарақтандырып жүргізуіне тыйым салынады.
145-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі
1. Жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар не олардың уәкілетті өкілдері есептерді жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады. Көрсетілген есептер уәкілетті өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Есептерді ұсыну нысандары мен тәртібін көмірсутектер және уран саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі деп жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесі түсініледі.
1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
2) ұңғыма объектілерін сынау кезіндегі;
3) кен орнын сынамалап пайдалану кезіндегі;
4) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, шикі газды факелде жағуға тыйым салынады.
2. Шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу деп осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген нормативтер және көлемдер шегінде, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде көмірсутектерді өндірудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін шикі газды жағу танылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда шикі газды факелде рұқсатсыз жағуға жол беріледі.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы көмірсутектер және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Осындай хабарлама шикі газды жағудың себептерін және жағылған шикі газдың көлемдері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бойынша айқындалған нормативтер мен көлемдер шегінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын сақтаған жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша шикі газды факелде жағуға жол беріледі.
Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғыма объектілерін сынау жоспарында көзделген мерзімге, ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге шикі газды жағуға жол беріледі.
Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге шикі газды жағуға рұқсат берілуі мүмкін.
6. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде шикі газды жағу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегінде жүзеге асырылады.
7. Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар жағдайларында жер қойнауын пайдаланушы тергеу жүргізуге және көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулардың, әрбір жағдайы бойынша жағылған газдың уақыты мен көлемдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ олардың себептерін көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын есеп беруге міндетті.
147-бап. Шикі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату
1. Шикі газды қайта өңдеу деп шикі газдан құрауыштарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттердің және (немесе) ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін өнімді өндіру жөніндегі технологиялық процесс түсініледі.
2. Көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы шикі газды жағу көлемдерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Кен орнын әзірлеу жобасында шикі газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім міндетті түрде болуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану жəне қоршаған ортаға зиянды əсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын əзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе əзірлеменің талдауы негізінде əзірленеді.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламалары шикі газды қайта өңдеуді дамыту мəселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уəкілетті органның бекітуіне жатады жəне олар əр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту мəселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын жəне ол туралы ережені көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
Жер қойнауын пайдаланушы шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша жəне мерзімдерде осы органға жыл сайын жіберуге тиіс.
1) осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;