«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану жəне қоршаған ортаға зиянды əсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын əзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе əзірлеменің талдауы негізінде;

2) мұнай құрамында шикі газ болған жағдайда, бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүзеге асыру кезінде əзірленеді. Бұл жағдайда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында ұңғыманың барынша бапталған (көмірсутектерді өндірудің ең аз көлемімен) əрі қауіпсіз жұмыс режимі қолданылатын жұмыс режимі көзделуге тиіс.

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламалары шикі газды қайта өңдеуді дамыту мəселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уəкілетті органның бекітуіне жатады жəне олар əр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту мəселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын жəне ол туралы ережені көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

Жер қойнауын пайдаланушы шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша жəне мерзімдерде осы органға жыл сайын жіберуге тиіс.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мыналарды:

1) осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемдерде өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;

3) жер қойнауын пайдаланушы өзге тұлғаларға қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату мақсатында өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, өндірілетін шикі газдың толық көлемін қайта өңдемей көмірсутектерді өндіруге тыйым салынады.

Бұл ретте шикі газды өңдеу экономикалық жағынан тиімсіз кен орындарында кен орнын əзірлеу жобасында жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында, жеке мұқтаждыққа пайдаланылатын газды қоспағанда, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы өндірілетін шикі газдың бүкіл көлемін кәдеге жарату көзделуі мүмкін.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Кен орнын əзірлеу жобасында жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында мұндай кен орнында ішкі қабаттық қысымды ұстап тұрудың өзге әдістері тиімсіз және мұндай айдау қоршаған орта мен адамның өмірі үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие болған жағдайда, қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы өндірілетін шикі газды кәдеге жарату көзделуі мүмкін.

6. Бірлесіп игерген жағдайда жобалау құжаттарында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларында қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында бір кен орнынан екінші кен орны қабатына (өзге де жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын қоса алғанда) өндірілетін шикі газды айдау арқылы кәдеге жарату көзделуі мүмкін.

2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Кен орнын əзірлеу жобасында жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделмеген, сондай-ақ кен орнын əзірлеу жобасын жəне (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бұза отырып жүзеге асырылатын, шикі газды қабатқа айдауға тыйым салынады.

8. Жер қойнауын пайдаланушылар және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыра алады.

9. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өзгеше көзделмесе, өндірілген ілеспе газ мемлекет меншігі болып табылады.

 

148-бап. Қабаттық қысымды ұстап тұру және суларды дайындау

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған әртүрлі келісімшарттар бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 150-бабында көзделген жағдайларда қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында бір жер қойнауын пайдаланушыдан дайындалған қабаттық суды екінші жер қойнауын пайдаланушының кен орнының қабатына айдауды жүзеге асыруы мүмкін.

2. Жер қойнауын пайдаланушы қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында одан әрі кен орны қабатына айдауға ілеспе және (немесе) өзге де (теңіз суын қоса алғанда) суды дайындау үшін қажетті инфрақұрылымдық объектілерге иелік ететін тұлғаларды тарта алады.

 

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 148-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

148-1-бап. Мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдана отырып көмірсутектерді өндіру

Көмірсутек кен орындарында мұнай алуды ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар күрделілігіне қарай мұнай алуды ұлғайтудың дәстүрлі және арнаулы болып бөлінетін әдістерін қолдана алады.

Мұнай алуды ұлғайту әдістерін сыныптау, мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін есептеу тәртібі жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда айқындалады.

Мұнай алуды ұлғайтудың тиісті әдістерін қолдану түрлері мен шарттары кен орнын игеру жобасында белгіленеді.

Мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдануды ынталандыру мақсатында мынадай қолдау шаралары көзделеді:

мұнай алуды ұлғайтудың арнаулы әдістерін қолдана отырып өндірілген көмірсутектер көлемін осы Кодекстің 130-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерден босату;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.

 

149-бап. Шекарамаңы жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар

1. Егер жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумақта немесе теңізде Қазақстан Республикасының аумағының шегінде орналасқан шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде немесе бір бөлігі аумағында орналасқан, сонымен қатар кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, ол бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.

2. Қазақстан Республикасының табылған кенжатынның бір бөлігі (кенжатындар жиынтығы) жер қойнауында жатқан мемлекетпен тиісті халықаралық шарттар болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай мемлекетпен келісімге қол жеткізілгенге дейін шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Бұл ретте құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны ол туралы хабардар етеді және күнтізбелік отыз күн ішінде шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде орналасқан кен орнын бірлесіп әзірлеудің тәртібі мен шарттарын реттейтін халықаралық шартты әзірлеуге бастама жасайды.

3. Құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі тоқтатылған операцияларды құзыретті орган қалпына келтіруге рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданысын тоқтата тұрған болып есептеледі.

 

150-бап. Әртүрлі жер қойнауы учаскелеріндегі кен орындарын бірлесіп игеру

1. Бірлесіп игеру деп бірнеше жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі бірлескен операциялар келісімнің негізінде жүргізуді, оның ішінде кен орындарын әзірлеу үшін ортақ инфрақұрылымды пайдалануы түсініледі.

2. Егер бірнеше кен орындарын бірлесіп игеру бір немесе бірнеше кен орындарын әзірлеудің техникалық және экономикалық көрсеткіштерін жақсартатын болса, мұндай игеруге жол беріледі.

3. Әртүрлі жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен құзыретті органмен келісу бойынша:

1) бір жер қойнауын пайдаланушыда қуаттары, инфрақұрылымдық объектілері және (немесе) өзге де техникалық және технологиялық мүмкіндіктері бар болған кезде жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып (қажеттілік кезінде), мұндай жер қойнауын пайдаланушымен осындай қуаттарды, инфрақұрылымдық объектілерді және (немесе) өзге де техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануға шарт жасасуға;

2) инфрақұрылымдық объектілерді бірлесіп жобалауға және (немесе) салуға не тиісті шарт негізінде оларды бірлесіп пайдалануға құқылы.

4. Бірнеше жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауының әртүрлі учаскелерінде бірнеше кен орындарын бірлесіп игерген жағдайда, жобалау құжаттарында бірлесіп игерудің қажеттілігі мен тиімділігі, сондай-ақ оны жүзеге асыру схемасы негізделеді.

5. Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсаттары үшін бірлескен инфрақұрылымдық объектілерді жедел басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияны айқындауы мүмкін.

6. Жер қойнауын пайдаланушы (оның ішінде басқарушы компания) бірлесіп игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша басқа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінде оның жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларының бір бөлігін немесе барлығын, егер бұл бірлесіп игеру үшін қажет болса, жүргізуге құқылы.

7. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, инфрақұрылымдық объектілерді бірлесіп пайдалану кезінде өндірілген көмірсутектердің көлемін бөлу жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша жүргізіледі.

8. Қажет болған кезде жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісімде инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін (соның ішінде электр энергиясын, жабдықты және материалдарды) бірлесіп пайдалану көзделеді.

 

151-бап. Көмірсутектерді бірыңғай объект ретінде кен орнында барлау немесе өндіру

1. Егер жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін табылған кенжатынның немесе кен орнының бір бөлігі көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа жер қойнауын пайдаланушының пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің шегінде орналасса, мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өз таңдауы бойынша:

1) осы Кодексте белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып, осы кенжатын немесе кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бір келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп өзінің жер қойнауын пайдалану құқығын беруге;

2) бірыңғай объект ретінде кенжатында немесе кен орнында бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу туралы шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып осындай шарт жасасуға міндетті.

2. Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан бірыңғай объект ретінде кенжатында немесе кен орнында бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу туралы шарт жасасуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

3. Бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне келісімшарттармен жүктелген міндеттемелердің орындалуы бойынша ортақ жауаптылықта болады.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Табылған кенжатынның немесе кен орнының бір бөлігін қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, табылған кенжатынның немесе кен орнының басқа бөлігін қамтитын жер қойнауының басқа учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кенжатынның немесе кен орнының тиісті бөлігін қосу мақсатында жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінуге құқылы.

Көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін ұлғайту осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жүргізіледі.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының ережелері қолданылмайды.

Бұл жағдайда бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құрамы осы Кодекстің 107-бабының 9-1-тармағында айқындалатын жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініш берген жер қойнауын пайдаланушыға беруге міндетті. Берілетін жабдық пен өзге де мүлікті бағалау осындай жабдық пен мүлікті беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тіркеп-белгіленген активтердің құны негізге алына отырып, салықтық есепке алу деректері бойынша жүргізіледі.

Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесін басқа жер қойнауын пайдаланушыға бергеннен кейін оған жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым шарты бойынша құқықтарды беруге міндетті.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелері жер қойнауының стратегиялық учаскелеріне қолданылмайды.

 

152-бап. Мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу

1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеуді жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүргізеді.

2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды сынақтан өткізеді.

3. Егер сынау немесе қарап-тексеру кезінде жабдықтың немесе аспаптардың ақаулары бар екені анықталса, онда ақаудың мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған кезде ақаудың мерзімі алдыңғы өлшеуден бастап ақау анықталған күнге дейінгі уақыттың жартысы ретінде айқындалады.

 

 

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-тараудың тақырыбы өзгертілді

21-тарау. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді, теңізде және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді, сондай-ақ сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектер өндіруді жүргізу ерекшеліктері

 

153-бап. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру ерекшеліктері

1. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру осы тарауда көзделген ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Кодексте көмірсутектерді барлау мен өндіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

153-баптың 2-тармағы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Алдын ала газсыздандыру бойынша қажетті іс-шараларды, құрамындағы метанды белгіленген нормативтерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін көмір қабаттарынан алынған метанды кейіннен кәдеге жарата отырып, желдету және қабаттық газсыздандыру бағдарламаларын өткізбей, көмір қабаттарындағы табиғи метан мөлшері жоғары деңгейде болатын көмір кен орындарын игеруге тыйым салынады.

Көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензия шеңберінде жұмыс істеп тұрған шахталарды газсыздандыру кезінде көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасамай көмір қабаттарындағы метанды өндіруге жол беріледі.

3. Бұл ретте мұндай жер қойнауын пайдаланушы өндірілген көмір қабаттарындағы метанды одан әрі өткізбей, оны өзінің технологиялық қажеттіліктері үшін ғана пайдалануға құқылы.

4. Көмір өндіруді жүргізіп жатқан жер қойнауын пайдаланушы көмір қабаттарындағы метанды одан әрі өткізу мақсатында өндіруді жүзеге асыруға ниеттенген жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген тәртіппен көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуы қажет.

 

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 153-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

153-1-бап. Сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектерді өндіру

1. Сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай шарттарды сақтауға міндетті:

1) кен орнының осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес болуы. Бұл ретте мұндай сәйкестік осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетіледі;

2) жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемені орындауы.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемесін орындау жөніндегі міндеттеме енгізілген кезде сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылады.

2. Көмірсутектер кен орны оны әзірлеу барысында мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне қол жеткізілген жағдайда сарқылып жатқандар санатына жатады:

көмірсутектердің ірі кен орындары үшін қорлардың игерілуі бекітілген алынатын қорлардың жетпіс және одан көп пайызын және кен орнының су басуы сексен бес және одан көп пайызды құрауға тиіс;

мұнай алудың ағымдағы коэффициенті бірліктің 0,4 және одан көп үлесін құрауға тиіс.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген инвестициялау коэффициентінің және өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген, сарқылып жатқан кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс сомасының көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем болмайтын мөлшерде мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру және (немесе) осы Кодекстің 129-бабында белгіленген тәртіппен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қосымша қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының мұндай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі болып табылады.

4. Сарқылып жатқан кен орны бойынша инвестициялау коэффициенті мұндай кен орны бойынша көмірсутектерді өндірудің нақты жылдық көлемі негізге алына отырып белгінеді және мыналарды құрайды:

 

Р/с №

Жылдық өндіру көлемі

Инвестициялау коэффициенті, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаны қоса алғанға дейін

1,0

2.

250 000 тоннадан жоғары және 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін

2,0

3.

500 000 тоннадан жоғары және 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

3,0

4.

1 000 000 тоннадан жоғары және 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

4,0

5.

2 000 000 тоннадан жоғары және 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

5,0

6.

3 000 000 тоннадан жоғары және 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

5,5

7.

4 000 000 тоннадан жоғары және 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

6,5

8.

5 000 000 тоннадан жоғары және 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

7,0

9.

7 000 000 тоннадан жоғары және 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

8,0

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

8,5

 

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 154-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

154-бап. Теңізде және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізудің жалпы шарттары

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Теңіз деп су қабатының беті, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі шегіндегі түбі танылады.

2. 2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.09.04. № 180-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Сақтық аймағы - теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы.

4. Теңіз нысандары деп теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбыржолдар және өзге де объектілер танылады.

5. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең озық тәжірибені басшылыққа алуға, теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға және теңіздің нақты учаскесінде әдетте жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті.

6. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде елу пайыз мөлшердегі үлестік қатысуы теңізде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты болып табылады.

Кейін ұлттық компания келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауына өзінің бақылауын сақтаған жағдайда, келісімшартта ұлттық компанияның үлестік қатысуының көрсетілген мөлшері төмендетілуі мүмкін.

7. Қоршаған ортаға теріс әсерді барынша төмендету мақсатында теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңіз объектілерін пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыруды жүзеге асыруы мүмкін.

2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында экологиялық залал, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер экологиялық залалдың, зиянның еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе зардап шегушінің жасырын пиғылы салдарынан келтірілгені дәлелденбесе, кінәсінің болу-болмауына қарамастан жауапты болады.

9. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі теңіз объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекцияларды жүргізу үшін өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың өкілдерін жағалаудан өз есебінен жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің теңіз объектілерінде инспекция жүргізуі жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

10. Теңізде көмірсутектерді барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы барлау аумағына барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілгеннен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының талаптары орындалғаннан кейін ғана ұңғымаларды бұрғылауға кірісуге құқылы.

11. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан шыққан кезде мұндай ұңғыманы бақылауға алудың өзге әдістерін қолдану мүмкін болмаған не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын кезде тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған ұңғымаларды бұрғылау жобасында көзделмеген іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға тыйым салынады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға ықпал еткен нақты мән-жайлар мен себептерді көрсете отырып, құзыретті органға осындай ұңғыманы бұрғылаудың басталғаны туралы ақылға қонымды мерзім ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті.