2. Тікелей келіссөздер өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінішті беру кезінде не тікелей келіссөздер барысында уран саласындағы ұлттық компания жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде елішілік құндылық бойынша жетпіс пайыздан астам мөлшерде міндеттемелер ұсынылған жағдайда, ұсынылған міндеттемелер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
4. Құзыретті орган тікелей келіссөздер нәтижесінде келісімшартты жасасу туралы немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уран саласындағы ұлттық компания ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік он екі ай ішінде:
1) тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалған қол қою бонусын төлейді;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сəйкес уранды тəжірибелік-өнеркəсіптік немесе өнеркəсіптік өндіру жобасын əзірлеуді жəне оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сəйкес барлау жұмыстарының жобасын əзірлеуді жəне оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құзыретті органға қол қою бонусын төлегенін растауды және өз тарапынан қол қойылған, құзыретті орган бекіткен, уранды барлауға немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.
Уран өндіруге арналған келісімшартта ұзақтығы тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалатын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі бекітіледі.
Тиісті жобаны әзірлеу және келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне қатысты емес мән-жайлар бойынша мерзімінде аяқталмаса, осы тармақта көрсетілген мерзім құзыретті органның шешімі бойынша алты айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жəне қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады жəне оның данасын (даналарын) уран саласындағы ұлттық компанияға жібереді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-параграф. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 163-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
163-бап. Құзыретті органның уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуы
1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны жол берілген бұзушылық туралы мынадай:
1) осы Кодекстің 180-бабында көзделген есептілікті ұсынбаған не көрінеу анық емес есептілікті ұсынған;
2) жер қойнауын пайдаланушы уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
3) белгіленген графикке сəйкес қамтамасыз ету сомасын қалыптастырмай не қамтамасыз ету сомасын қалыптастыру графигін бұза отырып, жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізген;
4) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге де жағдайларда жазбаша хабардар етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы жол берілген бұзушылық туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде - осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жоюға, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді бұзушылықтарды - хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға жəне жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтардың біреуін үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелердегі екіден астам бұзушылықты құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
2. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мынадай:
1) егер уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау жұмыстарының нəтижелерінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган растаған уранның кенденуін жəне (немесе) уран кенжатынын анықтамаған;
2) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қолданысының мерзімі өткенге дейін бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтарған;
3) құзыретті орган осы бапта көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда өзінің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) жер қойнауын пайдаланушының тиісінше бекіткен жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарынсыз уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;
3) осы Кодекстің 176-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында немесе жобалау құжатында көзделген уранның алынатын қорларын толық игере қазған;
4) осы Кодекстің 173-бабының 5-1-тармағында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған;
5) жер қойнауын пайдалану құқығының жəне жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына қатысты осы Кодекстің талаптарын жер қойнауын пайдаланушы бұзған жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуды жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарламаны алған күннен бастап екі ай өткеннен кейін келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын олар хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде сотта даулауға құқылы. Жер қойнауын пайдаланушы сотқа жүгінген жағдайда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган, егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі əрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын біржақты тəртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданысы көрсетілген негіз бойынша біржақты тəртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі əрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді жəне (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарттың қолданысын, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге өз келісімін растамаса не оны жүргізуден бас тартса;
2) келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге жер қойнауын пайдаланушының келісімін алған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту жəне (немесе) толықтыру бойынша келісімге қол жеткізбесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру бойынша келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгеріске жəне (немесе) толықтыруға қол қоймаса, біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 164-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
164-бап. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі мен мүлік
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап осындай келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап барлау немесе өндіру учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
Егер уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта екі жəне одан да көп барлау немесе өндіру учаскесі бекітілген болса, онда барлау немесе өндіру учаскелерінің бірі бойынша барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап мұндай учаске мемлекетке қайтарылған болып саналады.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мына шешімдердің бірі:
1) осындай жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану салдарын жою;
2) жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу;
3) жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру туралы хабардар етеді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Хабарлама мынадай мерзімдерде жіберіледі:
1) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда - осындай аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын;
2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаны жібере отырып, бір мезгілде;
3) тараптардың келісімі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзған жағдайда - келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қоя отырып, бір мезгілде.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не жер қойнауы учаскесін консервациялау шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қатерімен байланысты болатын операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
2) осы Кодексте көзделген жою немесе консервациялау жобасы сараптамаларының оң қорытындылары бекітілгеннен жəне алынғаннан кейін осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмысты дереу бастауға міндетті;
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда, жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу қамтамасыз ету қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте уран саласындағы уəкілетті орган осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кепіл нысанын толық көлемде, ал осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге іс жүзінде шеккен шығындар көлемінде өндіріп алуға құқылы.
7. Құзыретті органның уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына жер қойнауы учаскесін беру шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:
1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті уран саласындағы ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда, құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы көрсетуді көздейтін тізбесі бар акті бойынша оны уран саласындағы ұлттық компанияға береді;
2) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы.
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне ауысады, ол бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осындай жабдық пен мүліктің құнын салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген жəне амортизацияланатын активтердің құны негізінде мынадай тəртіппен айқындалатын мөлшерде төлейді:
берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны жер қойнауын пайдаланушының мүлкін беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы салықтық есепке алуда көрсетілген, осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн мөлшерінде айқындалады. Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің көрсетілген құны жер қойнауын пайдаланушының мұндай жабдығы мен өзге де мүлкін осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтердің сомасына да азайтылады;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру əдісімен уран өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде құрылған, берілетін амортизацияланатын активтер тобының құны уранды өндіруге жəне (немесе) барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күнге салықтық есепке алуда көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.
Берілетін тіркеп-белгіленген жəне амортизацияланатын активтердің құны болмаған немесе осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жабдық пен өзге де мүлікті беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлік деп уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді құрайтын өзара байланысты заттардың, мүліктік құқықтар мен материалдық емес активтердің жиынтығы түсініледі, олардың болмауы не жоғалуы жобалау құжаттарының көрсеткіштері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін қол жеткізілген өндірудің тоқтауына немесе өндіру деңгейінің төмендеуіне алып келеді және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қатер төндіреді немесе төндіруі мүмкін. Оның ішінде, мұндай жабдық пен мүлікке ұңғымалар, құбыржолдар, өнімділік ерітінділері мен сілтісіздендірілген ерітінділерді бөлетін технологиялық тораптар, қышқылдандыратын технологиялық тораптар, құм тоғандар, жер қойнауы учаскесінде және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың технологиялық процесін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілері, мүкәммал, шикізат, бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құжаттама, материалдық емес активтер және мүліктік кешеннің өзге де элементтері жатады.
2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайда:
1) құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым бойынша құқықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру қажеттілігі және осындай беру мерзімдері туралы хабарламаны жібереді;
2) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы хабарламада көрсетілген мерзімде жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым бойынша құқықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға береді.
165-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі мен мүлікті сенімгерлік басқару
1. Осы Кодекстің 164-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, құзыретті орган жер қойнауы учаскесін кейіннен өзге тұлғаға беру үшін оны уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уран саласындағы ұлттық компаниямен осы жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 249-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға:
1) уран өндіруді жүргізуге арналған келісімшарт жасамастан уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;
2) жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.
3. Сенімгерлік басқарушының жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарын, жүргізілген шығыстардың қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтетуге құқығы бар.
Шығыстар осылайша өтелген жағдайда жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген сенімгерлік басқарушының шығындарының орнын толтырмайды.
Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда алушының) есебінен жүзеге асырылады.
4. Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындауға байланысты салықтарды төлеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда алушыға) жіберіледі.
5. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Кодексте көзделген талаптарды сақтаусыз жүзеге асырылады.
6. Сенімгерлік басқарушы жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.
7. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-тарау. Уранды барлау жəне өндіру учаскелері мен аумақтары
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
166-бап. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері
1. Жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде уранды барлау немесе өндіру үшін беріледі.
2. Уран саласындағы ұлттық компания уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа сəйкес уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары мыналар ескеріле отырып, оның ажырамас бөлігі болып саналатын осындай келісімшартқа қосымшада белгіленеді:
1) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша уранды барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістіктік шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сəйкес айқындалады;
2) уран өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары (жоғары шекараны қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сəйкес айқындалатын кен орны контурларының негізінде белгіленеді.
Егер барлау учаскесінің шегінде бірнеше жекелеген кен орны ашылса, жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары əрбір жекелеген кен орны үшін белгіленеді;
3) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурларын белгілейтін тиісті жобалық құжатқа толықтыруға сəйкес жер қойнауын зерттеу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша (жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) айқындалады;
4) осы Кодекстің 170-бабына сəйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын, уранды барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды.
3. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауы учаскелері олардың шегінде табылған кенжатынның жəне (немесе) уранның кенденуінің жатқан тереңдігімен шектеледі.