4. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта бірнеше жер қойнауы учаскесі көзделуі мүмкін.
5. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің көлемі жиынтығында екі жүз блоктан аспауға тиіс.
6. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру əдісімен игере қазуға жарамды, барлауға арналған жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға ғана беріледі.
7. Ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскелерінде уранды барлауды уран саласындағы уəкілетті орган бекіткен геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы негізінде уран саласындағы ұлттық компания жүзеге асырады.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 167-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
167-бап. Жер қойнауы учаскесін беру
1. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып саналады.
2. Учаскені жəне (немесе) тəжірибелік-өнеркəсіптік өндіру кезеңі мен өндіру кезеңін бекітуді көздейтін уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартты немесе уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымшаны жасасу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдаланушыға өзіне қажетті жер учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін негіз болып саналады.
168-бап. Түрлендіру ұғымы мен түрлері
1. Жер қойнауы учаскелерін түрлендіру:
1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту;
2) жер қойнауы учаскесін азайту арқылы жасалатын кеңістіктік шекараларын өзгерту болып табылады.
2. Түрлендірілген учаскелерді пайдаланушы бір тұлға (бір тұлғалар) болып табылған жағдайда жер қойнауы учаскелерін түрлендіруге жол беріледі.
169-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін ұлғайту мына шарттарды бір мезгілде сақтаған кезде:
1) жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, өндіруге арналған жер қойнауы учаскесіне жанасатын кенжатынды (кен шоғырлары жиынтығын) тапса;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болса;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауы учаскесі контур шегінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, табылған уран кенденуінің жəне (немесе) уран кенжатынының контурлары орналасатын контур бойынша сұратылса;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаса, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.
2. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініште мыналар:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;
3) бастапқы жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту болжанып отырған, сұралатын жер қойнауы учаскесін көрсету қамтылуға тиіс.
1) жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін келісімшартқа жер қойнауын пайдаланушы қол қойған қосымша;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сұралатын учаскеге құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі не қорларды есептеу немесе ресурстар бойынша есеп;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3) барлау учаскесі ұлғайтылатын жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш беруші жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды сəйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі.
4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:
1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұлғайтудан бас тартады;
2) өтініш иесін қабылданған шешім туралы, ал жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда - сұралатын жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының мөлшері туралы қосымша хабардар етеді.
5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған жағдайда бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Құзыретті орган өтініш берушіден қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны жасасады жəне өтініш берушіге оның бір данасын жібереді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау немесе өндіру кезеңін ұзартуға негіз болмайды.
170-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдаланушы уранды барлау немесе өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта аумақты және оған сәйкес келетін жер қойнауының учаскесін мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде мемлекетке олардың кез келген бөлігін қайтару арқылы:
1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтарылатын күнге дейін жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде аяқтаған;
2) аумақты және оған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесін қайтаруды блоктармен жүзеге асырған;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынса, кепілді ұстаушының қайтаруға алдын ала келісімі бар болған;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде азайта алады.
2. Жер қойнауы учаскесін азайту туралы өтініште мыналар:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) мемлекетке қайтару болжанып отырған жер қойнауы учаскесін (оның бөлігін) көрсету;
4) жер қойнауын пайдаланушыда қалатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету қамтылуға тиіс.
1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, жер қойнауы учаскесін азайтуды көздейтін келісімшарт қосымшасы қоса беріледі.
4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдайды немесе азайтудан бас тартады.
5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайтудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған жағдайда бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған данасын жібереді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жер қойнауын пайдаланушының бүкіл аумақты және жер қойнауы учаскесін қайтаруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына алып келеді.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-тарау. Уранды барлау жəне өндіру кезеңдері
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 170-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
170-1-бап. Уранды барлау кезеңі
1. Жер қойнауы учаскесі бойынша уранды барлауға арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы қатарынан алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
2. Барлау кезеңі уранды барлауға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне шарттарда барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 170-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
170-2-бап. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту
1. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.
2. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған:
3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сəйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.
3. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште мыналар қамтылуға тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) уранды барлауға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;
5) жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын, бірақ қатарынан бес жылдан аспайтын мерзімі.
5. Келісімшарттар бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын жəне орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзартуды;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жəне келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндетін көздейтін толықтыру.
6. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, онда уранды барлауға арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде қолданылуын жалғастырады.
Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нəтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.
8. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген;
2) осы баптың 1 - 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер болмаған;
3) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелердің жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтары болған жағдайларда бас тартады.
Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен уранды барлауға арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады жəне өтініш берушіге оның қол қойылған бір данасын жібереді.
171-бап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі
1. Уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасасу кезінде жер қойнауы учаскесі және өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік кезеңі бекітіліп беріледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі ішінде кен орнын игеру жобасын әзірлеуді, бекітуді және оған осы Кодексте көзделген сараптамалар жүргізуді, сондай-ақ уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға құқылы.
3. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 172-бабының 1-тармағында көрсетілген уран өндіру кезеңінің барынша ұзақтығын тиісінше қысқартумен төрт жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша хабарламада белгілейді.
4. Уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп берудің міндетті шарты жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша жер қойнауының есебін және осы Кодексте көзделген тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына қатысты сараптамалардың оң қорытындысын алуы болып табылады.
5. Өндіру учаскесі мен тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы өтініште мыналар:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және қорлардың бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) өндіруге арналған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету;
4) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.
6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
7. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы шешім қабылдайды немесе осындай бекітіп беруден бас тартады.
8. Егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда құзыретті орган өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беруден бас тартады.
Құзыретті органның өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беруден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
1. Уран өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде уран өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін қоса алғанда, жиырма бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім шегінде уран өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасының негізінде айқындалады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және жер қойнауы учаскесінде өндіру кезеңі уран өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уран өндірудің бүкіл аумағын қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
173-бап. Уран өндіру кезеңін ұзарту
1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру кезеңін қатарынан жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кемінде алты айдан кешіктірмей белгіленген нысан бойынша береді.
3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) уран өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету;
4) өндіру кезеңін ұзарту сұратылып отырған мерзімі қамтылуға тиіс.
1) 2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұралып отырған мерзімі ішінде кен орнын әзірлеуді көздейтін уран кен орнын әзірлеу жобасы қоса беріледі.
4-1. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде қаралуға жатады.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган уран өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде мынадай міндеттемелердің біреуінің бекітілуі шартымен өндіру кезеңін ұзарту туралы шешімді бес жұмыс күні ішінде қабылдайды:
1) уран саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы осындай ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болып табылады;
2) уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын уран саласындағы ұлттық компанияға немесе онымен бірлесіп құрылған заңды тұлғаға мынадай шарттармен:
Қазақстан Республикасының аумағында уран саласындағы ұлттық компаниямен бірлесіп, зауыт өнімін өткізу нарығы бойынша шектеулер қоймай, осындай зауыт салу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау;
уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уран өндіруді ұзартудың бүкіл кезеңіне өнімді кепілдендірілген сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту зауытының өнімін кепілдендірілген өткізу нарығын зауыттың жылдық қуатының кемінде елу пайызы мөлшерінде қамтамасыз етуі шарттарымен беруі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында санамаланған міндеттемелер Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімдерде бекітілуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайларда, уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, құзыретті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын алғаннан кейін уран өндіруге арналған келісімшарт ережелерінде жəне жекелеген келісімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген, уран өндіру жөніндегі бірлескен кəсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) жəне (немесе) шетелдік үкімет ұсынатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне (немесе) мемлекет үшін жалпыұлттық құндылығы бар стратегиялық жобаларды іске асыруға байланысты мөлшерлес міндеттемелерді бекіту шартымен уран өндіру кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
5-2. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-3. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Құзыретті орган өндіру кезеңін ұзартудан:
1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілген;
2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) егер кен орнын игеру жобасында өтініште сұратылып отырған мерзімнен аз мерзім ішінде кен орнын игеру көзделген;
4) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болған;
5) құзыретті органның уран өндіру кезеңін ұзартуға ниеті болмаған жағдайларда бас тартады.
Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні құзыретті орган бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде уран өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін толықтыру жасалады.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні құзыретті орган бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, жаңа редакциядағы уран өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Егер келісімшарт шеңберінде уран өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшарт шарттары осындай ұзарту күнінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілуге жатады.
Келісімшарттың өндіру кезеңін ұзарту шарттарының Қазақстан Республикасы үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда пайдасы аз болмауы тиіс.
2026.07.07. № 337-VIII ҚР Заңымен 174-бап өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)