«Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығы

Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабы 15-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес есепке алу-бақылау маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары және қамтамасыз ету мөлшері бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.