Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 108-2294 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1002 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);
2) «Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 108-515 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1006 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: