Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 23 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексеру тағайындау туралы актінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру нәтижесі туралы актінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг жүргізу туралы шешімінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингілеу мерзімін ұзарту туралы актінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нәтижесі туралы актінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;