«Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 қаңтардағы № 75 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18493 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 11-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
Әділет министрі
2026 жылғы 24 қаңтардағы
№ 75 бұйрыққа қосымша
Атқарушылық құжатты қайтару туралы
ҚАУЛЫ
| 20__жылғы «__»________ | _________________________ (қала, облыс атауы) |
Жеке сот орындаушысы_________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және тегі)
_____________________________________________________________________________ негізінде
қозғалған (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатын берген соттың немесе
органның атауы, берілген күні)
20_______ жылғы «_______»____________________________________________________________
атқарушылық іс (атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкердің
деректемелері) жүргізу материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ: