«Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қаулысы (2026.06.04. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қаулысы

(2026.06.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 225 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық;

2) Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже;

3) Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 590  қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі

нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 40-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту кезінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулық барлық мемлекеттік органдарға қолданылады.

3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) мемлекеттік орган туралы ереже (бұдан әрі - ереже) - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.