Осы редакция 2017 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
2-қосымша
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу мерзімін ұзарту немесе аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;