Банктік қызметтерді көрсету, ақпаратты жария ету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 Қаулысы
(2026.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.28.08. № 48 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.24.06. № 28 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.28.08. № 48 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметтерді көрсету, ақпаратты жария ету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6884 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 226-227 (26625) жарияланған);