«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 756 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) автокөлік құралы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өтеді;
2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі анықталады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және (немесе) көлемдік өлшемдері анықталады, жүріп өтудің 4 данада сурет тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан және артынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);