Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 Қаулысы
(2016.18.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.11.02. № 86 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 183-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.11.02. № 86 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.