«Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 481 шешімі

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 481 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің керіспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) ағаштарды кесу - 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.