(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СТАЦИОНАРЛЫҚ НАУҚАСТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТАСЫНАН ҮЗІНД...

Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша, ординатор-дәрігер (бұдан әрі - дәрігер) қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және қызметті берушінің мөрімен расталған, үзінді көшірме беру журналында тіркелген стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді (бұдан әрі - үзінді).

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.