«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 85 Қаулысы (күші жойылды)

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 85 Қаулысы

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 309 Қаулысымен күші жойылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2903 болып тіркелді, 2014 жылғы 06 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:

8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміндегі мәліметтермен салыстырады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:

5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

 «көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орнына жүгінеді, медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тексереді, бекітілген халықтың тіркеліміндегі мәліметтермен салыстырады - 10 минут;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтін өзгермейді, қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.