«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 475 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 бұйрығымен күші жойылады (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 4 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақтың 9)-тармақшасын алып тастау;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Уақытша қондырғылар мен құрылыстарды (сауда палаткаларын (павильондарды), киоскiлердi сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
24-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2. Түркістан облысының Түркістан қаласын қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: