«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 434 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11440 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметі:
авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары);
авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;
авиациялық қауіпсіздік тәуекелдер мен қауіптерді бағалау бөлімшесінің басшысы;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор;
бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы;
бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;
оқыту бойынша нұсқаушы - үйлестіруші;
киберқауіпсіздік инспекторы;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман.