«Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 600 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 600 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 1620 бұйрығымен; ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1627 бұйрығымен күші жойылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8429 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 305 (25579) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы».

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгі нысандары осы бұйрықтың 1-50 қосымшаларына сәйкес бекітілсін»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандары осы бұйрықтың 1-50 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.