«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/328 қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 10 шілдедегі

№ А-7/328 қаулысымен

бекітілді

 

 Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды

 

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚКО - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызметті ұсыну түрі: қағаз.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімдеудің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) Медициналық тіркеу орны деректер базасында диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағандығы туралы тексереді, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тіркеу журналында көрсетеді - 30 минут. Нәтижесі - дәрігер-психиатрдың тексеруіне жіберу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.