«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің 2026.30.04. № 404 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2026.30.04. № 404 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.30.04. № 404 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған «Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Әділет министрінің 2026.30.04. № 404 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.