«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 674 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.