«Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 370/НҚ бұйрығы

«Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 370/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Цифрлық түрлендіру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының м.а. Қазақстан Республикасының Статистика туралы 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығының 9-тармақтың 2) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін;

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі

2024 жылғы 26 маусымдағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.