«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 162 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 162 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

3) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсына (таратылуы шектелген ақпаратты қоспағанда) орналастырсын.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.