«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 908 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
606-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«606-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін Бюджет кодексінің 180-бабы 1-тармағында көзделген бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға жібереді.
Кредиттік шарттың жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - қарыз алушыға және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде келісуге жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары туралы тиісті шешімді бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, сенім білдіруші (бар болған кезде) қол қойған кредиттік шарттың жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органға қол қоюға енгізеді.»;
623 және 624-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: