ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
«ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ
Автомобиль жолдарында көлік ағыны қозғалысының
қарқындылығын есепке алу және болжау жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
ҚР ЕР 218-04-2014
Мазмұны
5 Есепке алу орындарының міндеті
6 Көліктің қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру
7 Қысқа мерзімді есепке алу мәліметтері бойынша қозғалыстың тәуліктік қарқындылығын анықтау
8 Қозғалыс қарқындылығын болжау әдістемесі
Г-Қосымшасы Қозғалыстың перспективті қарқындылығын есептеу үлгілері
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы қозғалыс қарқындылығын және көлік ағыны құрамын есепке алуды жүргізуге арналған. Есепке алу орындарының, көлік қозғалысының қарқындылығын есепке алу және болашақтағы қарқындылықты болжау ұйымдарының тағайындауы бойынша әдістемелік ережелер белгілейді.
Осы Нұсқаулықта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген:
1 «Автомобильді жолдары. Терминдер мен анықтамалар» 1053-2011 ҚР СТ
2 «Автомобиль жолдары» 3.03-09-2006 ҚР ҚНжЕ.
3 «Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды жіктеу жөніндегі нұсқаулық» 218-22.1-04 ҚР Қ.
4 «Автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау техникалық ережелері» 218-29-03 ҚР Қ.
5 «Қатқыл жол төсемі мен жол төсемесі қызметінің жөндеу аралық мерзімдерін тағайындау жөніндегі нұсқаулық» 218-05.1-05 ҚР Қ.