«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 738 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10459 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: