Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығы
(2023.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.04.05. № 80 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 178-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидалары бекітілсін.
2. «Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6757 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 (26499) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.