«Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығы (2023.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығы

(2023.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.04.05. № 80 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 178-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидалары бекітілсін.

2. «Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6757 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 (26499) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.